«Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары Манас Ыдырсұлы Орынбасаров «Құрмет» орденімен марапатталды

IconЖарияланды 27.10.2026

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров «Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары Манас Ыдырсұлы Орынбасаровты көпжылдық адал еңбегі мен саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапаттады.

Манас Орынбасаров мемлекеттік секторда және экономиканың түрлі салаларында мол еңбек тәжірибесіне ие. Әр жылдары көлік саласы, өнеркәсіп, техникалық реттеу және экологиялық бақылау бағыттарындағы ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.

Оның кәсіби қызметі ұйымдастырушылық және басқарушылық міндеттерді шешуге, жұмыс үдерістерін жетілдіруге және құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруге бағытталған.

Жинақтаған тәжірибесі гидрометеорологиялық қызметтің дамуына және «Қазгидромет» РМК қызметінің тиімділігін арттыруға үлес қосуға мүмкіндік береді.

«Құрмет» орденімен марапатталуы Манас Орынбасаровтың көпжылдық еңбегінің, кәсібилігінің, мемлекеттік қызмет пен саланы дамытуға қосқан үлесінің лайықты бағасы болды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз