«Қазгидромет» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

IconЖарияланды 27.10.2026

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров «Қазгидромет» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Айгүл Төлеуғалиеваны гидрометеорология саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен көпжылдық адал еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Айгүл Төлеуғалиева «Қазгидромет» жүйесінде 1996 жылдан бері еңбек етіп келеді. Кәсіби қызметінің 30 жылында ол синоптик-инженер қызметінен бастап, 2016 жылдың қазан айынан бері өзі басқарып келе жатқан филиал директорына дейінгі еңбек жолынан өтті.

Оның басшылығымен гидрометеорологиялық бақылау үдерістері жетілдіріліп, ауа райы болжамдарының сапасы артып, заманауи техникалық шешімдер енгізілуде. Сонымен қатар жас мамандарды даярлау және Каспий теңізі өңіріне арналған теңіз болжамдарын жасау әдістерін дамыту оның жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Айгүл Төлеуғалиева ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық орнатуға, сондай-ақ Каспий теңізінің жай-күйін зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады.

Бұл марапат оның жоғары кәсібилігін, өз ісіне адалдығын және Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметін дамытуға қосқан көпжылдық үлесін мойындаудың белгісі болды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз