Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
23 қазанда «Қазгидромет» РМК-да Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдары өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу қоршаған ортаны қорғау және шекаралас аумақтардағы атмосфералық ауаның мониторингі мәселелеріне арналды.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Е. С. Қожиков пен Өзбекстан Республикасы Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитеті төрағасының орынбасары И. А. Құтбиддинов бастаған екі елдің делегациялары қатысты. Сондай-ақ кездесуге «Қазгидромет» РМК, Ұлттық климаттың өзгеруі орталығы, Ұлттық экологиялық мониторинг орталығы және Өзбекстанның Гидрометеорологиялық қызмет агенттігі өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Ташкент пен Сарыағаш аумағындағы атмосфералық ауаның жай-күйі туралы талдамалық материалдарды дайындау және алмасу жөніндегі алдағы қадамдар талқыланды.
Сонымен қатар тараптар «Таза ауа» консорциумының тұжырымдамасы жобасын қарастырып, шекаралас аумақтардағы атмосфералық ауа мәселелері жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан бірлескен жұмыс тобы туралы ереже жобасын талқылады.
Кездесу Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, шекаралас аумақтардағы қоршаған ортаның жай-күйін зерделеу үшін қажетті тәжірибе мен ақпарат алмасуға бағытталды.