Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2026 жылғы 19–21 қазанда Ташкент қаласында Орталық Азия елдерінің төтенше жағдайлар ведомстволары басшыларының кеңесі – Өңірлік форум өтуде. Іс-шараға «Қазгидромет» РМК өкілі қатысты.
Форум аясында Орталық Азия елдерінің ауқымды және трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою мәселелері бойынша ынтымақтастығын нығайтуға арналған өңірлік диалог өтті.
Талқылаудың маңызды бағыттарының бірі гидрологиялық апаттар туралы ерте хабарлаудың өңірлік жүйесін дамыту болды. «Қазгидромет» өкілі өңір елдері арасында гидрометеорологиялық ақпарат алмасуды жетілдіру, қауіпті табиғи құбылыстарға мониторинг жүргізу тиімділігін арттыру және салдары бірнеше мемлекеттің аумағына әсер етуі мүмкін қауіптер туындаған жағдайда бірлескен іс-қимылды үйлестіру мәселелерін талқылауға қатысты.
Бұл жұмыстың маңызды бөлігі – ерте хабарлаудың өңірлік жүйесін дамытуға және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар туралы ақпарат алмасу тетіктерін бекітуге бағытталған ниеттестік хаттамасының жобасын әзірлеу. Құжат ұлттық гидрометеорологиялық қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға және су ресурстарына байланысты қауіптерді бірлесіп шешуге негіз қалыптастыруға бағытталған.
Қазгидрометтің өңірлік диалогқа қатысуы көршілес мемлекеттердің гидрометеорологиялық қызметтерімен кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және қауіпті табиғи құбылыстардың алдын алу бойынша бірлескен тәсілдерді дамытуға ықпал етеді.