Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қ. Жұбанов атындағы университеттің тарих және география факультеттерінің студенттері «Қазгидромет» РМК-ның Ақтөбе облысы бойынша филиалына қарасты «Ақтөбе» аэрологиялық және метеорологиялық станцияларына барды.
Экскурсия барысында студенттерге метеорологиялық және аэрологиялық станциялардың жұмыс ерекшеліктері, ауа райы мен атмосфералық үдерістерді бақылауды ұйымдастыру тәртібі, сондай-ақ гидрометеорологиялық деректердің ауа райы болжамдарын әзірлеудегі маңызы туралы ақпарат берілді.
Студенттер мамандардың жұмысымен, қолданылатын құрал-жабдықтармен және бақылау жүргізу әдістерімен танысты. Әсіресе атмосфераның әртүрлі биіктіктеріндегі жай-күйі туралы мәлімет алуға мүмкіндік беретін және ауа райы болжамдарын әзірлеу кезінде пайдаланылатын аэрологиялық бақылауларға ерекше назар аударылды.
Станцияларға бару студенттерге гидрометеорология саласының практикалық қырларымен танысуға, кәсіби білімдерін кеңейтуге және «Қазгидромет» мамандарының жұмысын жақынырақ білуге мүмкіндік берді.