2026 жылғы 15–17 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 14.10.2026

Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Елдің шығысында көктайғақ болады. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

16–17 қазанға қараған түндері елдің оңтүстік-шығысында 1–2 градус үсік жүреді. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Ауа температурасы:

  • Елдің батысында: түнде +7…+15°С-қа дейін, күндіз +17…+25°С-қа дейін төмендейді;

  • Ақтөбе облысында: түнде +1…+6°С, өңірдің солтүстігі мен шығысында −1…−3°С, күндіз +15…+23°С-қа дейін төмендейді;

  • Қостанай облысында: түнде −1…−6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы +12…+17°С-тан +10…+15°С-қа дейін аздап құбылады;

  • Елдің солтүстігінде: түнде −3…−8°С-қа дейін төмендейді, 17 қазаннан бастап 0…+8°С-қа дейін жоғарылайды. Күндіз ауа температурасы аздап көтеріліп, +7…+12°С болады;

  • Ұлытау облысында: түнде ауа температурасы негізінен 0…+6°С, өңірдің солтүстігі мен шығысында −3°С болады. Күндіз +10…+20°С күтіледі;

  • Қарағанды облысында: түнде ауа температурасы негізінен −1…−8°С, өңірдің оңтүстігінде +3°С болады. Күндіз біртіндеп +10…+15°С-қа дейін жоғарылайды;

  • Елдің шығысында: түнде ауа температурасы −1…−6°С-тан −3…−11°С-қа дейін аздап төмендейді. Күндіз негізінен +3…+12°С, өңірдің шығысында −2°С болады;

  • Республиканың оңтүстігінде: түнде ауа температурасы +2…+10°С-қа дейін, күндіз +15…+25°С-қа дейін аздап төмендейді;

  • Елдің оңтүстік-шығысында: түнде ауа температурасы 0…+8°С-қа дейін, таулы аудандарда −2…−7°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +12…+22°С-тан +10…+18°С-қа дейін аздап құбылады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз