Қазақстан бойынша 2026 жылғы 10–12 қазанға арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 09.10.2026

10–12 қазанда елдің орталығында, 10–11 қазанда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 10–11 қазанда оңтүстік-батыста, 11–12 қазанда солтүстік-батыста және солтүстікте, 10 және 12 қазанда шығыста, 12 қазанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп болжанады. 10 қазанда елдің шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.

10 қазанға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. 12 қазанда Түркістан облысында қатты жаңбыр болжанады.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз ауа температурасының жоғарылауы болжанады:

  • елдің батысында +22+27°С-қа дейін;
  • солтүстік-батысында +17+25°С-қа дейін;
  • солтүстігінде +13+20°С-қа дейін;
  • орталығында +13+22°С-қа дейін;
  • шығысында +10+22°С-қа дейін;
  • оңтүстігінде, Қызылорда облысында +23+28°С-қа дейін, ал Түркістан облысында ауа температурасы +18+23°С-қа дейін төмендейді;
  • елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасының негізгі фоны +17+25°С болады.
Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз