Қазақстан бойынша 2026 жылғы 8–10 қазанға арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 07.10.2026

8–10 қазанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр және сулы қар түрінде жауын-шашын күтіледі, шығысында көктайғақ құбылыстары болжанады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Елдің батысында түнде ауа температурасының негізгі фоны +5+16°С, күндіз +17+22°С-тан +22+27°С-қа дейін жоғарылайды.

Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде ауа температурасы +3+13°С-тан -1-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасының негізгі фоны +10+17°С болады.

Шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны 0,+8°С, күндіз +10+15°С-тан +2+7°С-қа дейін төмендейді.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны +3+10°С, таулы аудандарда 2°С-қа дейін үсік күтіледі. Күндіз ауа температурасы +17+25°С, таулы аудандарда +12+17°С болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз