Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
«Қазгидромет» РМК-да «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
Кездесу аясында ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың жол картасын әзірлеу бастамасы таныстырылды. Құжат гидрометеорология, су ресурстары, ғылым және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ тәжірибе және заманауи технологиялармен алмасуға бағытталған.
Қатысушылар мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, деректер мен сараптамалық білім алмасу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, нақты бағыттар мен бірлескен іс-шараларды айқындай отырып, жол картасы бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.