Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыстан келген антициклон айқындайды. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы орнап, ауа температурасы төмендейді.
Бүкіл кезеңде Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, 27–28 қыркүйекте солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың шығысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнгі уақытта Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.
Түнгі және таңертеңгі уақытта кей жерлерде тұман болжанады. Республика облыстарының басым бөлігінде желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Бүкіл кезеңде солтүстікте, шығыста, 27–28 қыркүйекте еліміздің солтүстік-батысында және орталығында түнгі уақытта 1–3°С үсік күтіледі.