Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, найзағай күтіледі, жел күшейеді. Еліміздің барлық дерлік өңірлерінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда кей жерлерде тұман болжанады. Солтүстік өңірлерде 25–26 қыркүйекте 1–2°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +20…+28°С-қа дейін, солтүстік-батыс пен солтүстікте +10…+17°С-қа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С-қа дейін төмендейді. Таулы аймақтарда ауа температурасы +10…+15°С аралығында болады.
Ал еліміздің орталығы мен шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.