Қазақстан мен Қытай ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады

IconЖарияланды 22.09.2026

Үрімші қаласында «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Алимбаева мен Қытай метеорологиялық әкімшілігінің басшысы Чэнь Чжэньлинь арасында екіжақты кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар заманауи технологиялар, ерте ескерту жүйелері және қауіпті ауа райы құбылыстарын болжау салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі MAZU жүйесі болды. «Қазгидромет» бұл жүйені Қазақстанда, оның ішінде қысқа мерзімді болжау, nowcasting және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану бағыттарында практикалық тұрғыда қолдануға мүдделі.

Сонымен қатар, Fengyun спутниктік деректерін пайдалану және ауа райы процестерін бақылаудың заманауи құралдарына қолжетімділікті кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған бағыттар бойынша жұмысты жалғастырып, алдағы практикалық қадамдарды айқындауға келісті.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз