Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
«Қазгидромет» РМК-да Республикалық физика-математика мектебінің 7-сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің қалай құрылғаны және дамығаны туралы біліп, Қазгидрометтің тарихымен және қазіргі қызметімен танысты.
Оқушыларға Қазгидрометтің негізгі жұмыс бағыттары — метеорология, гидрология, қоршаған орта мониторингі, агрометеорология және басқа да салалар туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ мамандардың ауа райын, өзендерді және қоршаған ортаның жай-күйін қалай бақылайтыны, жиналған деректердің ауа райы болжамдары мен ескертулерді дайындау кезінде қалай пайдаланылатыны түсіндірілді.
Балалар үшін Гидрометорталыққа бару ерекше қызығушылық тудырды. Олар мамандардың метеорологиялық ақпаратпен қалай жұмыс істейтінін, деректерді талдап, ауа райы болжамдарын қалай жасайтынын көрді.