Қазақстан бойынша 2026 жылғы 19–21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 18.09.2026

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа райы біртіндеп тұрақтана бастайды. Республиканың солтүстік-батысында, кейін солтүстігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы көтеріледі. Ал еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, жел күшейеді. Таулы аймақтарда кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Сонымен қатар оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады.

Күндіз ауа температурасы еліміздің солтүстігінде +17…+25°С, орталық және батыс өңірлерінде +20…+28°С-қа дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +27…+32°С-қа дейін көтеріледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз