Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің солтүстігі мен шығысының жекелеген аудандарында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай күтіледі, жел күшейеді.
16 қыркүйектен бастап батыс циклонының әсерінен еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашын және желдің күшеюі болжанады, ал 17 қыркүйекте жекелеген аудандарда қатты жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның қалған аумағында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.
Күндіз Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа температурасы біртіндеп +20+27 °С-қа дейін көтеріледі.
Сонымен қатар республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа температурасының төмендеуі күтіледі: батыста +19+30 °С-қа, шығыста +18+25 °С-қа, оңтүстік-шығыста +22+28 °С-қа дейін.