Қазақстан бойынша 2026 жылғы 12–14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 11.09.2026

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде жаңбырлы әрі салқын демалыс күндері күтіледі

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайды. Ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай байқалады, жел күшейеді.

Қазақстанның оңтүстігінде әзірге жылы ауа райы сақталады. Ал солтүстік өңірлерде жылы әрі құрғақ күндерден кейін ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі және жел күшейеді.

Сонымен қатар, еліміздің батысында ауа райы біртіндеп тұрақтанады: жаңбыр тоқтап, ауа температурасы жоғарылай бастайды.

Күндізгі ауа температурасы солтүстікте +13+20 °С-қа, орталық өңірлерде +15+25 °С-қа дейін төмендейді.

Батыс өңірлерде ауа температурасының біртіндеп +20+30 °С-қа дейін жоғарылауы күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз