Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
10–11 қыркүйек күндері Бішкек қаласында Қырғызгидрометтің құрылғанына 100 жыл толуына арналған Халықаралық мерейтойлық конференция өтуде. Іс-шараға Орталық Азия елдерінің және басқа да мемлекеттердің гидрометеорологиялық қызметтерінің, халықаралық және ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Құрметті қонақтардың қатарында Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның президенті, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандус бар.
Конференция аясында «Орталық Азияның гидрометеорологиялық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, ғылыми жетістіктер мен инновациялық технологиялар» тақырыбында панельдік сессия өтті.
Панельдік сессияға «Қазгидромет» РМК мамандары қатысып, кәсіпорынның цифрландыру, сандық модельдеу және ауа райын болжауда жасанды интеллектіні қолдану бағытындағы тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара барысында «Қазгидрометтің тәжірибесі және Орталық Азияның ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері арасындағы ынтымақтастық перспективалары. Ауа райын болжаудың сандық модельдері: қолдану және жасанды интеллект негізіндегі постөңдеу» тақырыбында баяндама ұсынылды.
Сессияға қатысушылар Орталық Азия елдерінің гидрометеорологиялық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты дамыту, заманауи ғылыми әзірлемелер және салаға жаңа технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.