Қазақстан бойынша 2026 жылғы 25–27 тамызға арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 24.08.2026

Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлеріне циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсер етуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, шквал болуы мүмкін. Елдің шығыс және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 26–27 тамызда түнгі уақытта жаңбырдың арты қар аралас жаңбырға ұласуы ықтимал.

Атмосфералық қысымы жоғары өрістің ықпалында болатын Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз, негізінен құрғақ ауа райы күтіледі.

Жауын-шашынға қарамастан, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы сақталады. Жаздың соңғы күндері негізінен жылы болады: солтүстікте күндіз ауа температурасы +25…+32 °С, орталық және оңтүстік өңірлерде +25…+35 °С, шығыста +16…+24 °С-тан +20…+31 °С-қа дейін жоғарылайды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз