Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Қазгидромет» РМК қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мемлекеттік медалін табыстады.
Мемлекеттік наградамен «Қазгидромет» РМК-ның бас бухгалтері Олжас Макатов пен Мемлекеттік сатып алу және құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры Асель Касымханова марапатталды.
Олжас Макатов «Қазгидромет» РМК-да шамамен 10 жылдан бері еңбек етіп, бас бухгалтер қызметін атқарып келеді. Осы жылдар ішінде кәсіпорынның қаржылық бағытының тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуіне өз үлесін қосып келеді.
Асель Касымханова «Қазгидромет» РМК жүйесінде 15 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келеді. Көп жылдар бойы мемлекеттік сатып алу және құқықтық қамтамасыз ету мәселелерімен айналысып, осы бағыттардағы жұмыстың сапалы әрі жауапты атқарылуына үлес қосып келеді.
Медаль Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 26 маусымдағы Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына орай табысталды.
«Қазгидромет» РМК Олжас Макатов пен Асель Касымханованы лайықты марапаттарымен құттықтап, кәсіби қызметтеріне толағай табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби өсу тілейді!