«Қазгидромет» РМК Игорь Васильевич Северскийді 90 жылдық мерейтойымен құттықтайды!

IconЖарияланды 18.08.2026

Бүгін көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы гляциология мектебінің негізін қалаушы Игорь Васильевич Северский өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Игорь Васильевич өмірінің көптеген онжылдығын ғылымға арнады. Оның мұздықтар, қар жамылғысы, таулы гидрология және су ресурстарын зерттеуге қосқан үлесі Қазақстан мен Орталық Азиядағы ғылымның дамуына елеулі ықпал етті.
Игорь Васильевичтің маңызды жетістіктерінің бірі – ЮНЕСКО қамқорлығымен Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құруы. Оның еңбегі мен мол білімі арқасында Қазақстанда мықты гляциологтар мектебі қалыптасты. Бүгінде оның шәкірттері бұл ғылыми бағытты одан әрі дамытуда.
Құрметті Игорь Васильевич!
РГП «Қазгидромет» ұжымы Сізді мерейлі 90 жасыңызбен шын жүректен құттықтайды!
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық, күш-қуат және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз. Көп жылғы еңбегіңіз, мол біліміңіз бен тәжірибеңіз бұдан әрі де ғылымның және еліміздің игілігіне қызмет ете берсін!

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз