Қазақстан бойынша 2026 жылғы 15–17 тамызға арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 14.08.2026

Ауа температурасының төмендеуі

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің батысында және Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.

15 тамызда Қостанай облысында, 15–16 тамызда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 16 тамызда Павлодар облысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Ауа температурасы:

Еліміздің батысында күндіз ауа температурасы 18–26°-тан 25–33° жылыға дейін көтеріледі. Ақтөбе облысында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді: негізгі температуралық фон 20–30° жылы болады.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасының төмендеуі болжанады: түнде 15–20°-тан 7–12° жылыға дейін, күндіз 20–30°-тан 15–20° жылыға дейін төмендейді.

Ақмола және Павлодар облыстарында түнгі ауа температурасы 15–20°-тан 10–15° жылыға дейін, күндіз 30–35°-тан 17–25° жылыға дейін төмендейді.

Еліміздің орталық және шығыс өңірлерінде қатты ыстықтың беті қайтады. Осы өңірлердің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы 34–39°-тан, ал өңірдің оңтүстігінде өте қатты ыстық кезінде 40–41°-тан 23–33° жылыға дейін төмендейді.

Қазақстанның оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы 38–44° қатты ыстықтан 30–37° жылыға дейін төмендейді.

Еліміздің оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы 34–39° қатты ыстықтан, өңірдің солтүстігінде 40–43° өте қатты ыстықтан 30–36° жылыға дейін төмендейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз