12 тамыз — Дүниежүзілік Каспий теңізі күні

IconЖарияланды 12.08.2026

12 тамызда Дүниежүзілік Каспий теңізі күні атап өтіледі. Бұл күн Каспийдің бірегей экожүйесін, табиғи ресурстары мен биологиялық алуантүрлілігін сақтауға қоғам назарын аударуға бағытталған.

«Қазгидромет» РМК Каспий теңізіне тұрақты түрде гидрологиялық және экологиялық мониторинг жүргізіп, оның деңгейі мен суының жай-күйіндегі өзгерістерді зерттейді, сондай-ақ гидрометеорологиялық сипаттамаларына бақылау жасайды.

Каспий теңізін зерттеуге және сақтауға үлес қосып жүрген баршаңызға жұмыстарыңызға табыс, жаңа ғылыми жетістіктер және осы бірегей табиғи мұраны сақтау жолындағы тиімді ынтымақтастық тілейміз!

Бүгін Каспийді сақтай отырып — оны келешек ұрпаққа аманат етеміз. 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз