Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Тамыз – жаз маусымын соңғы айы. Елдің оңтүстігі мен батысында негізінен ыстық, ал солтүстік жартысында жаңбырлы, найзағайлы әрі салыстырмалы түрде салқындау ауа райы қалыптасады.
Белсенді солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдер өтуіне байланысты тамыздың бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі: күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, кей уақытта елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында, кезең ортасында оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.
Алайда, бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республиканың батыс жартысында және орталығында жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды деп күтіледі.
Тамыздың бірінші онкүндігінде Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында күндізгі ауа температурасы +25+35°С-тан +34+39°С-қа дейін, Атырау облысының оңтүстігінде +41°С-қа дейін; Маңғыстау облысында +35+40°С-тан +39+44°С-қа дейін біртіндеп көтеріледі деп күтіледі.
Күндізгі ауа температурасы төмендейді:
Елдің орталығы мен шығысында +33+41°С қатты ыстықтан +22+31°С-қа дейін ауысып отырады деп күтіледі;
Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы түнде +3+8°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +25+35°С-қа дейін ауытқиды деп күтіледі.
Батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде +17+27°С-тан +13+18°С-қа дейін, күндіз +32+42°С-тан +25+35°С-қа аралығында ауытқиды.