Қазақстан бойынша 2026 жылғы 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 24.07.2026

Атлантикалық циклон еліміздің басым бөлігіне ықпалын сақтайды. Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай, ал шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Тек еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Иран өңірлерінен келетін ыстық ауа массаларының әсерінен еліміздің басым бөлігінде қайтадан ыстық ауа райы күтеледі. Күндіз ауа температурасы батыс пен солтүстік-батыста +38+43 градусқа дейін; солтүстікте +30+35 градусқа дейін; орталықта +28+39 градусқа дейін; оңтүстікте +36+41 градусқа дейін; оңтүстік-шығыста +29+37 градусқа дейін жоғарылайды; солтүстік-шығыс пен шығыста +23+32°C болжанады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз