Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында және солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады және екпінді жел күшейеді. 9 шілдеде елдің шығысында әлі де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі, кейін жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ал республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады.
Күндізгі ауа температурасы қатты және өте қатты ыстықтың критерийлеріне жетеді: еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында +33…+42°С-қа дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +32…+40°С-қа дейін, оңтүстігінде +38…+45°С-қа дейін, ал шығысында +30…+38°С-қа дейін көтеріледі.