Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Ақтөбе облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалының директоры Айгүл Амангелдіқызы Саймова «Облысқа сіңірген еңбегі» медалімен марапатталды. Марапатты Ақтөбе облысының әкімі көп жылғы адал еңбегі мен өңірдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін табыстады.
Айгүл Амангелдіқызы гидрометеорология саласына 30 жылдан астам уақытын арнады. Ол 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Метеорология» мамандығы бойынша тәмамдағаннан кейін еңбек жолын Ақтөбе гидрометеорология орталығында инженер-синоптик қызметінен бастады. Көп жылғы еңбек жолында инженер-синоптиктен филиал директорына дейінгі кәсіби жолдан өтті. 2022 жылдан бері Ақтөбе облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалын басқарып келеді.
Оның жетекшілігімен филиал халықты, мемлекеттік органдар мен экономиканың түрлі салаларын уақтылы әрі нақты гидрометеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етіп, қолайсыз және қауіпті ауа райы құбылыстары туралы ескертулерді тұрақты түрде жариялап келеді.
Бұл – Айгүл Амангелдіқызының еңбегіне берілген алғашқы жоғары баға емес. Бұған дейін ол «Қазгидрометтің» 90 және 100 жылдық мерейтойларына орай мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Айгүл Амангелдіқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Оған зор денсаулық, отбасына амандық, қызметіне толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз.