Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
19 маусым күні «Қазгидромет» РМК-ға Қытай Халық Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы келді. Сапар Қазақстан мен Қытай арасындағы 2026 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспары аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қонақтарға Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің қызметі және оның негізгі жұмыс бағыттары таныстырылды. Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету және экологиялық мониторинг мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қытай делегациясының өкілдері қоршаған орта мониторингі зертханасына барып, су мен атмосфералық ауа сынамаларын алу және талдау үдерісімен танысты. Қазгидромет мамандары заманауи зертханалық жабдықтарды көрсетіп, күнделікті жұмыста қолданылатын қоршаған орта сапасын бақылау әдістері туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ қонақтар Гидрометорталыққа барып, синоптиктер мен жедел кезекші қызметтердің жұмысымен танысты. Орталық қызметкерлері ауа райы жағдайларына тәулік бойы мониторинг жүргізу, метеостанциялардан келіп түсетін деректерді жинау және өңдеу, сондай-ақ ауа райы болжамдары мен дауылды ескертулерді әзірлеу жұмыстарын көрсетті.
Сапар барысында тараптар тәжірибе алмасып, гидрометеорологиялық қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Кездесуге қатысушылар ауа райын бақылау мен болжаудың заманауи технологияларын дамытудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.