2026 жылғы 11-13 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 10.06.2026

Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсерін сақтап, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Циклонның орталығы еліміздің солтүстік-батысында орналасады, осыған байланысты мұнда найзағайлы жаңбырлар, желдің күшеюі, дауыл және бұршақ жаууы мүмкін.

Қатты жаңбыр:
11-13 маусым күндері Қостанай және Ақтөбе облыстарында,
11 маусымда Алматы облысы мен Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күтіледі.

Күндіз еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +35…+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +30…+37°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.

Еліміздің қалған аумағында ауа температурасы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз