Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Түркістан облысында жауын-шашын мөлшерін жасанды түрде арттыру жөніндегі пилоттық жоба басталды. Жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық метеорологиялық орталығы, Түркістан облысының әкімдігі, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Қазгидромет» РМК және «Қазаэронавигация» РМК-ның бірлесуімен жүзеге асырылуда.
Жобаның дайындық кезеңінде 2020–2024 жылдар аралығындағы 39 метеостанцияның деректері негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Атмосфералық үдерістер мен жер бедерінің ерекшеліктерін кешенді талдау нәтижесінде Түркістан облысы пилоттық жоба үшін ең перспективалы аумақ ретінде айқындалды.
Жауын-шашын мөлшерін жасанды түрде арттыру технологиясы тек табиғи жолмен қалыптасқан тік бағытта дамыған будақ-жаңбырлы (Cumulonimbus) бұлттар болған жағдайда ғана қолданылады. Әсер ету үдерісі жергілікті әрі қысқа мерзімді сипатқа ие, климаттық үдерістерге ықпал етпейді және ауа массаларының қозғалысын өзгертпейді.
«Қазгидромет» РМК жобаға ғылыми-метеорологиялық сүйемелдеу көрсетеді: атмосфераға тәулік бойы мониторинг жүргізеді, спутниктік суреттер мен синоптикалық деректерді талдайды, бұлт жүйелерін бақылайды, сондай-ақ түскен жауын-шашын мөлшеріне бағалау жүргізеді.
Алынған деректер технологияның тиімділігіне ғылыми тұрғыдан баға беруге және оның өңірдің су теңгерімі мен ауыл шаруашылығы аумақтарын қолдаудағы әлеуетін зерделеуге мүмкіндік береді.