Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
2026 жылғы 31 мамыр мен 5 маусым аралығында Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында «Eco Expo Central Asia 2026» халықаралық экологиялық көрмесі өтті. Аталған іс-шараға «Қазгидромет» РМК қызметкерлері қатысты.
Көрме қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі және инновациялық экологиялық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылау мақсатында мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, экологиялық ұйымдардың өкілдері мен жас әзірлеушілердің басын қосты.
Іс-шара аясында қатысушылар Орталық Азия елдерінің жас ғалымдары, зерттеушілері мен студенттері ұсынған экология және тұрақты даму саласындағы перспективалы жобалармен танысты. Табиғи ресурстарды сақтау, экологиялық қауіпсіздікті арттыру және табиғатты қорғау қызметіне заманауи технологияларды енгізуге бағытталған бастамаларға ерекше назар аударылды.
Көрме тәжірибе алмасуға, жаңа кәсіби байланыстар орнатуға және экология, гидрометеорология мен климаттық зерттеулер салаларындағы одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
«Қазгидромет» РМК халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуды және экологиялық мәселелерді шешуге, сондай-ақ өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыруда.