2026 жылғы 3-5 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 03.06.2026

Белсенді терең циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін жалғастыруда. Алдағы күндері елімізде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, сондай-ақ бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

4 маусымда еліміздің батыс өңірлерінде, 4-5 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстік аймақтарда, ал 6 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Күндіз батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте ауа температурасы +22...+30°С дейін көтеріледі. Солтүстік-шығыс пен шығыста ыстық ауа райы сақталып, ауа температурасы +30...+37°С дейін жоғарылайды. Республиканың оңтүстік-шығысында аптап ыстықтың аздап бәсеңдеуі күтіледі, мұнда ауа температурасы +25...+33°С шамасында болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз