Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Мамыр айының соңғы күндері республика аумағында ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде. Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде бүкіл кезең бойы, 28 мамырда оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда, ал 28-29 мамыр күндері солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Күндізгі ауа температурасы:
* батыста 15-25 градус жылыға дейін төмендейді;
* кезеңнің басында солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 17-25 градус жылыға дейін төмендеп, кезең соңында 20-33 градус жылыға дейін көтеріледі;
* шығыста 15-25 градустан 20-30 градус жылы аралығында құбылады;
* оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кезең басында 20-28 градус жылыға дейін төмендеп, соңында 27-38 градус жылыға дейін көтеріледі.