2026 жылғы маусымдағы құрғақшылық болжамы (алдын ала)

IconЖарияланды 22.05.2026

2026 жылғы маусым айына арналған алдын ала болжамға сәйкес атмосфералық құрғақшылық мына өңірлерде күтіледі:
Қостанай облысында – Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;
Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала ауданында;
Қарағанды облысында – Шет ауданында;
Ақмола облысында – Ерейментау және Аршалы аудандарында;
Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;
Атырау облысында – Құрманғазы және Махамбет аудандарында;
Қарағанды облысында – Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;
Ұлытау облысында – Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;
Алматы облысында – Жамбыл ауданында;
Жетісу облысында – Алакөл ауданында;
Жамбыл облысында – Талас ауданында;
Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
Аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары.
Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы осы ай үшін қалыпты деңгейге жақын болады деп күтілуде.
Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және Қазгидромет ресми сайтында жарияланған.
Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланатын болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз