Тағы да күн суытады

IconЖарияланды 20.05.2026

Қысқа мерзімді жылымықтан кейін Қазақстан аумағына кезекті суық антициклон ығыса бастайды. Жылдам қозғалатын әрі суық ауа массаларымен толығатын бұл антициклон алдымен еліміздің солтүстік өңірлеріне, кейін шығыс аймақтарына айтарлықтай салқын ауа райын алып келеді.

22 мамырда республиканың солтүстік облыстарында, ал 23 мамырда шығыс және орталық өңірлерінде түнгі уақытта ауа температурасы 0-5 градус жылыға дейін төмендейді, кейбір аудандарда тіпті 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы небәрі 10-15 градус жылы шамасында болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз