«Қазгидромет» РМК ұжымы әріптесіміз — Сапарғалиев Нұрлыбек Қонысұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты қайғыра көңіл айтады

IconЖарияланды 08.05.2026

«Қазгидромет» РМК ұжымы әріптесіміз — 1968 жылы туған Сапарғалиев Нұрлыбек Қонысұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты қайғыра көңіл айтады.

Нұрлыбек Қонысұлы 2016 жылдың қаңтар айынан бастап кәсіпорында электрик болып қызмет атқарды. Ол өзін жауапты, еңбекқор әрі өз ісіне адал маман ретінде көрсете білді. Көп жылғы еңбегі барысында кәсібилігімен, сабырлы мінезімен және әрдайым көмек көрсетуге дайын тұратын адамгершілік қасиетімен әріптестерінің құрметіне ие болды.

Нұрлыбек Қонысұлы туралы жарқын естелік оны таныған жандардың жүрегінде мәңгі сақталады.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Осындай ауыр күндерде қайғыларыңызға ортақтасып, қабырғаларыңыздың қайысуына ортақ екенімізді білдіреміз.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз