Қазақстан бойынша 2026 жылғы 7–9 мамырға арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 06.05.2026

Мереке күндері елдің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін. 7–9 мамыр аралығында батыс өңірлерде, ал 8–9 мамыр күндері солтүстік өңірлерде нөсерлі жаңбыр күтіледі. Оңтүстік өңірлерде жоғары температура аясында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады, ал шығыс өңірлерде жаңбыр мен найзағай тек 9 мамырдан бастап күтіледі.

Күндізгі ауа температурасы батыста +18…+28 градус шамасында, солтүстікте сәл төмендеп +18…+23 градусқа дейін, орталықта +20…+28 градус, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +28…+33 градус, шығыста +25…+30 градусқа дейін жоғарылайды.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз