Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта жаңбыр мен сулы қар түріндегі жауын-шашын болжанады. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Жауын-шашынсыз ашық ауа райы солтүстік және орталық облыстарда бүкіл кезең бойы, оңтүстік облыстарда 28-29 сәуірде, шығыс облыстарда 29-30 сәуірде күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.
Түнгі және таңғы сағаттарда республика бойынша тұман күтіледі.
Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ 28-29 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
батыста +15...+20°С дейін,
солтүстік-батыста +17...+25°С дейін,
солтүстікте +21...+26°С дейін,
орталықта +21...+30°С дейін,
шығыста +19...+27°С дейін,
оңтүстікте +25...+34°С дейін,
оңтүстік-шығыста +22...+27°С дейін.