Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
«Қазгидромет» РМК Бас директоры Алимбаева Данара Кизатовна Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Бас хатшысы Селеста Сауломен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметін дамытудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйыммен ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Бақылау желісін жаңғыртуға, болжау жүйелерін дамытуға және гидрометеорологиялық қызметтердің сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар климаттық мониторинг, заманауи технологияларды енгізу және білікті кадрларды даярлау бағытындағы бастамалар қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтуге және климаттық тәуекелдерге төзімділікті арттыруға, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екендерін растады.