Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Оқу іс-шарасы Орталық Азия елдерінің гидрометеорологиялық қызметтерінің мамандарына арналған және жедел дамитын су тасқындарының тәуекелдерін бағалау жүйесі (CARFFGS) аясында өткізіледі. Бұл жүйе төтенше жағдайларға дайындықты арттыруға және су тасқындарынан келетін шығынды азайтуға бағытталған.
Тренер ретінде Серікбай Нұрғалым — Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымдағы Тұрақты өкілдің гидрологиялық кеңесшісі, сондай-ақ «Қазгидромет» РМК Гидрология департаментінің директоры қатысуда.
Сабақ барысында қатысушылар CARFFGS жүйесімен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларын жетілдіреді. Атап айтқанда, метеорологиялық деректерді талдау, гидрологиялық модельдерді қолдану және болжамдық ақпаратты интерпретациялау мәселелері қарастырылады.
Ерекше назар тәуекелдерді жедел бағалау, болжау әдістерін жетілдіру және дауылды ескертулерді беру бойынша келісілген тәсілдерді қалыптастыруға аударылады.
Практикалық сессиялар мамандарға тәжірибе алмасуға және өңірлік деңгейде өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.