Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Келіссөздерге директор орынбасарлары, CRAES вице-президенті, сондай-ақ «Қазгидромет» ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар Қазақстандағы атмосфераны, су ресурстарын, экологияны және метеорологияны мониторингілеудің қазіргі жай-күйін талқылады. Бақылау тиімділігін арттыру, деректер алмасу және экологиялық мониторинг саласында заманауи ғылыми тәсілдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қатысушылар ұйымдардың одан әрі даму жоспарларын және екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын қарастырды.
Гидрометеорология және қоршаған ортаны қорғау саласында бірлескен жобаларды іске асыру үшін тараптардың өзара іс-қимылы арқылы күш біріктірудің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестік қатынастарды нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.