Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
20–24 сәуір аралығында «Қазгидромет» РМК Дүниежүзілік метеорологиялық ұйыммен бірлесіп Орталық Азия елдерінің гидрометеорологиялық қызметтері мамандарына арналған өңірлік тренинг өткізді.
Тренер ретінде Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның Тұрақты өкілінің гидрологиялық кеңесшісі, «Қазгидромет» РМК Гидрология департаментінің директоры Серікбай Нұрғалым қатысты. Ол тек теориямен шектелмей, өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісті — CARFFGS жүйесімен қалай жұмыс істеу керектігін, жедел дамитын су тасқындарының тәуекелдерін дұрыс бағалауды және дауылды ескертулерді дайындау кезінде нені ескеру қажет екенін түсіндірді.
Оқытудың негізгі мақсаты — болжамдардың дәлдігін арттыру және мамандарды күрделі жағдайларда жылдам бағдар табуға үйрету. Себебі бұл қызметтердің халықты дер кезінде ескертуі мен ықтимал шығынды азайтуына тікелей әсер етеді.
Тренингке Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан мамандар, яғни күн сайын болжам жасап, ескертулер таратумен айналысатын қызметкерлер қатысты.
Мұндай кездесулер тек тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар болжау үдерісіне ортақ тәсіл қалыптастырып, барлық қызметтердің жұмыс тиімділігін арттыруға нақты мүмкіндік береді.