2026 жылғы 26–28 наурызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы

IconЖарияланды 25.03.2026


Еліміздің басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. 28 наурызда Маңғыстау облысында қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ, 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында, 27–28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ құбылыстары сақталады.
Күндіз ауа температурасы батыс және солтүстік-батыс өңірлерде +15…+25°С-қа дейін, солтүстік пен шығыста +10…+17°С-қа дейін, орталықта +13…+24°С-қа дейін, оңтүстікте +21…+30°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +18…+27°С-қа дейін, ал таулы аймақтарда +10…+15°С-қа дейін көтеріледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз