Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
Қазақстан аумағының көп бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстік-шығысында және орталығында қалың қар жауады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей кездері күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман күтіледі, ал солтүстік өңірлерде боран болуы мүмкін.
Елдің көптеген облыстарында ауа температурасының жоғарылауы күтіледі:
Батыста түнде 15–28° аяздан 6° аяз–2° жылуға дейін, күндіз 2–13° аяздан 0–10° жылуға дейін;
Оңтүстік-батыста түнде 8–16° аяздан 6° аяз–2° жылуға дейін, күндіз 0–8° аяздан 5–13° жылуға дейін;
Солтүстік-батыста түнде 22–33° аяздан 2–10° аязға дейін, күндіз 15–20° аяздан 2° аяз–3° жылуға дейін;
Солтүстікте түнде 15–33° аяздан 10–23° аязға дейін, күндіз 15–25° аяздан 0–7° аязға дейін;
Орталықта түнде температура 2–15° аяздан 15–30° аязға дейін төмендеп, 12 наурызда 10–21° аязға дейін жоғарылайды; күндіз 2–15° аяздан 10–20° аязға дейін төмендеп, 12 наурызда 0–10° аязға дейін көтеріледі;
Шығыста түнде 0–8° аяздан 15–30° аязға дейін төмендеп, күндіз 2° аяз–3° жылудан 3–18° аязға дейін;
Оңтүстікте түнде 2–21° аяздан 7–23° аязға дейін төмендеп, күндіз 13° аяз–5° жылудан 0–5° жылуға дейін;
Оңтүстік-шығыста түнде 11° аяз–5° жылудан 10–28° аязға дейін төмендеп, күндіз 6° аяз–7° жылудан 0–15° аязға дейін болады.