Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
«Казгидромет» РМК 2026 жылы Қазақстанның бірқатар өңірлерін көктемгі су тасқынының өтуі бойынша орташа тәуекел аймағына жатқызды. Негізгі гидрологиялық болжамға сәйкес, орташа тәуекел деңгейі Жетісу, Ұлытау, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары аумағында күтіледі.
Болжам топырақтың күзгі ылғалдануы, оның қату тереңдігі, қар жиналу көлемі және қар еру кезеңіндегі күтілетін метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, көпжылдық гидрометеорологиялық бақылауларды талдау негізінде жасалды.
Жетісу облысында топырақтың күзгі ылғалдану көрсеткіштері жалпы алғанда біркелкі емес таралған, ал аумақтың басым бөлігінде топырақтың қату тереңдігі өткен жылғы мәндерден төмен. Қар жиналу көлемі негізінен нормадан төмен, дегенмен өткен жылмен салыстырғанда аудандардың көпшілігінде оның артқаны байқалады. Орташа тәуекел аймақтарына Сарқан, Көксу аудандары және Талдықорған қаласы жатқызылды.
Түркістан облысында топырақтың күзгі ылғалдануы аудандардың басым бөлігінде нормадан төмен, ал наурыз айының басындағы жағдай бойынша топырақтың қатуы байқалмайды. Қар жиналу біркелкі емес таралған, бірқатар аудандарда нормадан асады. Температуралық фонның көтерілуі және қарқынды жауын-шашын болған жағдайда таулы аудандарда қар-жаңбыр су тасқындарының жоғары деңгейде қалыптасуы мүмкін. Орташа тәуекел аймақтарына Төлеби, Сауран, Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас, Ордабасы, Арыс, Отырар, Қазығұрт және Келес аудандары енгізілді.
Ұлытау облысында топырақтың күзгі ылғалдануы аумақтың басым бөлігінде нормадан төмен. Топырақтың қату тереңдігі 10–92 см аралығында өзгеріп, орта есеппен өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары. Қар жиналу көлемі біркелкі емес таралған, негізінен норма шамасында және одан төмен. Есептік деректерге сәйкес, Ұлытау ауданында орташа тәуекел болжанып отыр.
Батыс Қазақстан облысында топырақ ылғалдануы мен қар жиналу көлемі аумақ бойынша айтарлықтай әркелкі. Жайық өзенінің салалары бойынша су тасқыны су деңгейінің орташа мәндерге жуық көтерілуімен өтеді деп күтілуде. Орташа тәуекел аймақтарына Бөрлі, Қазталов, Жаңғала, Шыңғырлау, Қаратөбе, Бөкей ордасы, Теректі, Сырым, Ақжайық және Жәнібек аудандары жатқызылды.
«Казгидромет» РМК мәліметінше, өзендер мұз құрсауынан босатылғаннан кейін мемлекеттік органдар мен халықты жедел ақпараттандыру мақсатында қысқа мерзімді гидрологиялық болжамдар апта сайын ұсынылатын болады.
Болжамдық деректер синоптикалық және гидрологиялық жағдайдың дамуына қарай нақтыланып отырады.