Қолайсыз метеорологиялық жағдайлары
Ескертулер картасы
Наукастинг
Туристік бағдарлар пункттері бойынша ауа райы болжамы
Фондық анықтама
Ауа сапасын болжау "SILAM" моделі
Мемлекеттік климаттық кадастр
Интерактивті карталар мен деректер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы
Ауа райының сандық болжамы
«Казгидромет» РМК 2026 жылы Қазақстанның бірқатар өңірлерін көктемгі су тасқыны қаупі жоғары аймақтарға жатқызды. Негізгі гидрологиялық болжамға сәйкес, су басу ықтималдығы Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында жоғары болмақ.
Болжам көктемгі су тасқынының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды — топырақтың күзгі ылғалдануын, оның қату тереңдігін, қар жиналу көлемін және қар еру кезеңіндегі күтілетін ауа райы жағдайларын — ескере отырып, көпжылдық гидрометеорологиялық бақылауларды талдау негізінде жасалды. Деректерге жүргізілген кешенді бағалау жекелеген өзендерде су деңгейінің көтерілуі және еріген қар суларының қалыптасу ықтималдығы сақталатынын көрсетеді. Қолайсыз синоптикалық жағдай қалыптасқан жағдайда бұл елді мекендерді, ауыл шаруашылығы алқаптарын және инфрақұрылым нысандарын су басуға әкелуі мүмкін.
Ақмола облысында тәуекелдер Есіл, Қалқұтан, Жабай және Сілеті өзендерінде су деңгейінің қауіпті межеден асу ықтималдығымен байланысты. Ең жоғары қауіп Астрахан, Бұланды, Аршалы, Целиноград, Атбасар, Ерейментау аудандарында және Қосшы қаласында болжанып отыр.
Қарағанды облысында Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің алаптарына ерекше назар аударылуда. Су тасқыны жағдайының даму қаупі Бұқар Жырау, Нұра және Ақтоғай аудандарында жоғары деп бағаланады.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан төмен орналасқан учаскелер ерекше бақылауға алынған. Қауіпі жоғары аймақтарға Ғ. Мүсірепов атындағы, Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандары және Петропавл қаласы жатқызылды.
Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында қауіп топырақтың күзгі ылғалдануының жоғары болуына, оның қату тереңдігінің едәуір болуына және қар жиналу көлемінің артуына байланысты. Шығыс Қазақстан облысында Алтай, Глубокое, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Ұлан және Үлкен Нарын аудандары жоғары қауіп аймақтарына енгізілді. Абай облысында жоғары қауіп Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма және Көкпекті аудандарында болжанып отыр.
«Казгидромет» РМК өкілдерінің мәліметінше, өзендер мұз құрсауынан босатылғаннан кейін мемлекеттік органдар мен халықты жедел ақпараттандыру мақсатында қысқа мерзімді гидрологиялық болжамдар апта сайын ұсынылатын болады.
Болжамдық деректер синоптикалық және гидрологиялық жағдайдың дамуына қарай нақтыланып отырады.