«Қазгидромет» РМК Қазақстан өңірлеріндегі су тасқыны жағдайының негізгі болжамын ұсынды

IconЖарияланды 03.03.2026

Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі ("Қазгидромет") 2026 жылдың көктеміне арналған су тасқыны жағдайының негізгі болжамын жариялады. Болжам суық мезгілде жауған жауын-шашынның мөлшерін, топырақтың қату тереңдігін және оның бетінде мұз қабығының болуын талдауға негізделген.  

Өзендер ашылғаннан кейін халықты және басқару органдарын жедел ақпараттандыру үшін апта сайын қысқа мерзімді гидрологиялық болжамдар жарияланатын болады.

Болжамның толық бейненұсқасы «Қазгидромет» РМК ресми YouTube-арнасында қолжетімді. Өзекті жаңалықтарды «Қазгидромет» РМК ресми сайтынан қадағалап отырыңыз http://ecodata.kz:3838/app_dg_map_kz/

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз