Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күшті жауын-шашын, елдің қалған бөлігінде аяз

IconЖарияланды 11.02.2026

 

 

Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман күтіледі, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Температуралық фонда біртіндеп жылыну күтіледі: Батысында түнде 15–25° аяздан 2–12° аязға дейін, күндіз 5–15° аяздан 5° аяз – 5° жылуға дейін. Солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде 20–31° аяздан 15–25° аязға дейін, күндіз 15–22° аяздан 5–13° аязға дейін. Орталығында түнде 20–31° аяздан 12–23° аязға дейін, күндіз 10–20° аяздан 1–12° аязға дейін жылыну күтіледі. Республиканың шығысында түнде ауа температурасы 13–23° аяздан 25–33° аязға дейін төмендейді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз