Қазақстан бойынша 2026 жылғы 10-12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

IconЖарияланды 09.02.2026

Қазақстан аумағының басым бөлігінде батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. 10–11 ақпанда солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта, 11 ақпанда шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша көктайғақ, боран, желдің күшеюі күтіледі.

Тек кезең соңында батыс антициклоны сілемінің ықпалымен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Атап айтқанда, солтүстікте, солтүстік-батыста және орталықта түнде ауа температурасы 22–30 градус аязға дейін, күндіз 15–20 градус аязға дейін төмендейді. Шығыста түнде 13–23 градус аяз, күндіз 12–20 градус аяз болады. Оңтүстікте түнде 10–20 градус аяз, күндіз 5 градус аяздан 5 градус жылуға дейін күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз