Жауын-шашынды ауа райы

IconЖарияланды 04.02.2026

Кезеңнің бірінші жартысында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынды ауа райы күтіледі. 5–6 ақпанда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ пен тұман құбылыстары, боранмен қатар екпінді жел болжанады. Сондай-ақ оңтүстік-батыс ауа массаларының келуі күндіз ауа температурасының солтүстікте, шығыста және орталықта 3° аяздан 2° жылуға дейін, оңтүстікте 8–17° жылуға дейін, оңтүстік-шығыста 5–15° жылуға дейін көтерілуіне әкеледі.

Тек кезеңнің соңында солтүстік-батыстан суық ауа массаларының енуіне байланысты жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз