«Қазгидромет» РМК «Қазақстан Республикасының таулы аумағы бойынша жаңбыр генезисті сел қауіптілігін бақылаудың 2023 жылға арналған жыл сайынғы бюллетенін» жариялады. Аталған бюллетеньде сел қауіпті кезеңдегі таулы аумақтардағы метеорологиялық жағдайлар мен қазіргі климаттың аномалдылығы, сондай-ақ 2023 жылы тіркелген сел түзілу туралы ақпарат қамтылған.
Сел қауіпті аудандардағы климаттық жағдайларды сипаттау кезінде Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым ұсынған 1991–2020 жж., кезеңіндегі климаттық нормалар пайдаланылды.
Селдердің қалыптасу жағдайлары туралы ақпарат климаттың өзгеруінің сел түзілу үдерістеріне әсерін бағалаудың, бейімделу шараларын әзірлеудің және сел қаупіне ұшыраған Қазақстан аумағының тұрақты дамуын қамтамасыз етудің ғылыми негізі болып табылады.
Бюллетеньді әзірлеу барысында «Қазгидромет» РМК Республикалық гидрометеорологиялық қорының деректері пайдаланылды.
Жаңбыр генезисті сел қауіптілігін бақылаудың жыл сайынғы бюллетенімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.kazhydromet.kz/selevedenie-str/selevedenie